Неге біз
Таңдау
Сегіз бағыт, 20 000-нан астам тауар түрі. Бір дүкеннен бәрін табасыз.
Адал сауда
Затты өтірік мақтап сатпаймыз. Қандай екенін сол күйінде айтамыз — таңдау сізде.
2014 жылдан бері
Базардағы бір нүктеден бес дүкенге дейін өстік. Жеткізушілеріміз тұрақты.
Дүкендер
Әр дүкеннің жұмыс уақыты бөлек — төменде көрсетілген. Барлығы үзіліссіз жұмыс істейді.
Пайдалы білу
Жеткізу
Қала ішінде — Яндекс және inDrive жеткізу қызметтері арқылы. Қазақстан бойынша — Қазпошта немесе пойыздың жүк бөлімі арқылы.
Төлем
Қолма-қол, барлық банктердің карталарымен және QR арқылы
Ауыстыру
Сапалы тауарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сатып алған күннен бастап 14 күн ішінде ауыстыруға болады. Ол үшін сатып алғаныңызды растайтын чек пен тауардың қорабы керек, ал тауардың өзі сатып алған кездегі күйінде болуы тиіс.
Тексеру және ақау
Техниканы сатар алдында тексеріп береміз. Қаласаңыз, кез келген тауарды сатып алмас бұрын тексеріп береміз — көп алсаңыз да. Зауыттық ақауды сатып алған күннен бастап 14 күн ішінде қараймыз: расталса, тауарды ауыстырып береміз.
Санаттар
Сегіз бөлім. Әрқайсысында не бары төменде жазылған.

Тұрмыстық техника
- Микротолқынды және электр пештер
- Электр шәйнектер, термопоттар
- Блендер, миксер, кофе техникасы
- Мультиварка, аэрогриль, электрогриль
- Үтіктер мен булаушылар
- Фен, триммер, электр ұстара

Ас үй
- Кастрөл, таба, қазан
- Пышақтар мен кесу тақтайлары
- Қалақ, шөміш, үккіш
- Пісіру қалыптары
- Тағам сақтайтын контейнерлер

Ыдыс-аяқ
- Тәрелкелер мен табақтар
- Кеселер мен шыныаяқтар
- Стакан, бокал, графин
- Қасық-шанышқы жиынтықтары
- Шәйнектер мен сервиздер

Тоқыма
- Төсек жабдықтары
- Көрпелер мен жастықтар
- Сүлгілер
- Ас үй тоқымасы
- Пледтер мен жамылғылар

Жуынатын бөлме
- Сабын салғыш, дозатор, стакан
- Ілгіштер мен ұстағыштар
- Кілемшелер мен перделер
- Кір себеттері
- Щеткалар мен тазалық құралдары

Пластик бұйымдар
- Шелектер мен легендер
- Себеттер мен жәшіктер
- Тағам контейнерлері
- Зат сақтайтын ұйымдастырғыштар
- Қоқыс жәшіктері

Сыйлықтар
- Сыйлық жиынтықтары
- Вазалар мен шамдар
- Айналар мен фоторамкалар
- Мерекелік тауарлар
- Сыйлық қорабы мен қаптамасы

Кеңсе тауарлары
- Қалам, қарындаш, маркер
- Дәптер, блокнот, қағаз
- Папкалар мен файлдар
- Мектеп тауарлары
- Үстел ұйымдастырғыштары
Тойбастарлар мен сыйлықтар
Тойға, мерекеге немесе ұжымға сыйлық көп керек пе? Санын айтыңыз — бар тауардан лайығын таңдауға көмектесеміз.
Дүкен иелері мен қайта сатушыларға
Көтерме
Көтерме бағамен Тараздағы оптомаркеттерімізден тікелей жөнелтеміз. WhatsApp-қа жазыңыз — ассортиментті жібереміз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Керек затым дүкенде бар-жоғын қалай білемін?
Жеткізу бар ма?
Қалай төлеуге болады?
Көтерме бағаны қалай аламын?
Тауарды ауыстыруға бола ма?
Байланыс
Бір зат керек пе, бар-жоғын білгіңіз келе ме — жазыңыз, тексеріп айтамыз.
Басшылыққа жазу
Ұсынысыңыз не шағымыңыз болса, дүкен басшылығына тікелей жазыңыз.
Жұмысқа қабылдаймыз
Дүкен әкімшісі, сатушы, кассир, техникалық қызметкер, жүк тасушы, тауар қабылдаушы, күзет қызметі
Түйіндемеңізді WhatsApp-қа жіберіңіз немесе кез келген дүкенге кіріңіз.

